logo
«Кузиев Пірмұхамед-қажы атындағы
отбасы қоры» Жеке қайырымдылық қоры

Рамазанға
Кузиевтер отбасының
жүрегінен көмек

Қасиетті Рамазан айында біз өсиеттерді ұстануға
және Алла тағаланың бізге берген
артықшылықтарымен бөлісуге тырысамыз.
Қорды біздің Кузиевтер отбасы құрды,
ол жыл сайын көмекке мұқтаж
адамдарға зекет бөледі.

Қор туралы arrow
Рамазанға 
Кузиевтер отбасының 
жүрегінен көмек
Қор туралы

Қор туралы

«Кузиев Пірмұхамед-қажы атындағы отбасы қоры» жеке қайырымдылық қоры тек шын мәнінде көмекке мұқтаж жандарға, Кузиевтер жанұясының садақалары арқылы материалдық көмек (зекет) көрсетуді мақсат етеді.

10 055

отбасыға Кузиевтер
отбасы көмек көрсетті

30

жыл бойы мұқтаж
жандарға көмектесудеміз

Кімге
көмектесеміз

Қор Алматы қаласы мен Алматы облысында тұратын халықтың келесі санаттарына (қаладан 30 шақырымға дейін) көмек көрсетеді: 

·      1 және 2 топтағы жалғызбасты мүгедектер, қамқоршысыз қалған, қанағаттанарлықсыз тұрмыстық жағдайда тұратын; 

·      асыраушысынан айырылған үш және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар, еңбекке жарамды жастағы туыстары жоқ, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, қанағаттанарлықсыз тұрмыс жағдайында тұратын көп балалы отбасылар;

·      асыраушысынан айырылған немесе жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен 1 және 2 топтағы мүгедек балалары бар, қанағаттанарлықсыз өмір сүру жағдайында тұратын отбасылар еңбекке қабілетті жастағы туыстары жоқ жетім балалар;

·       табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, балалары мен немерелерінен айырылған, еңбекке қабілетті жастағы туыстары жоқ жалғыз басты зейнеткерлер;

·       экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан баспанасынан айырылған, еңбекке қабілетті жастағы туыстары жоқ адамдар. 

Біздің мақсатымыз

 «Кузиев Пірмұхамед-Қажы отбасы қоры» қайырымдылық қоры тек шын мәнінде көмекке мұқтаж жандарға Кузиевтер отбасының қайырымдылық көмектері арқылы материалдық көмек көрсетуді (зекет) мақсат етеді.

Жаңалықтар

arrow